1.Аң-таң, қайран қалды. ~ «Тапа-тал түсте қайдан келген жау?» – десіп бұл жақтағылар айран-асыр. Ш.Құм. ~ Күдік-күмәншіл адамның айран-асыры: — Әуелі мен ешкімге сенбеуші едім,
Енді маған ешкім сенбейтін болды. И.Сап. ~ Не түн емес, не күндіз емес, бір ала-көлеңке бола қалды. Біз бұл сияқты әуе құбылысын бұрын көрмеген айран-асырмыз. Әлде бұл мына соғыстың ылаңы ма екен деп те ойлаймыз. С.Бег.
2. Мәз-мейрам, қуанышында шек жоқ. ~ Назымда ішек жоқ. Үш-төрт мәрте құлаған бізге су шашып айран-асыр. Шын бақытты еді. С.Сағ. ~ Көшеге түнеймін – ау деп отырғанда мынадай жайлы құттыханадан бір – ақ шыққанына өз – өзінен айран-асыр шал: «Шіркін, немере де тәтті -ау… — деп жоғары оқу орнын бітірген соң астанада қызметте қалған үлкен баласын ойлады. Н.Сер.
3. Ас та төк, ұлан-асыр, есепсіз мол. ~ Ана шам жанған үйде үлкен әңгіме боп жатқанын, ертең Шынар апам күйеуге шықса, айран-асыр той болаты
