Кеудемсоқ, тарпаң. ~ Мейрамханада білді – Бас сәулетші-екең қарадай айға шабынған – әрі сері, әрі сыпа, әрі жігітшілігі асып-тасқан өнерлі болып шықты. Д.Дос. ~ Сөйтіп мына қазық жұтқандай қақшиған асау жүнін оңдыртпай бір жыққысы келді. Әйтсе де бұндай айға шапшыған асаулардың талайын ет комбинатына өз көзімен аттандырған Торшолақ ашуын сабырға жеңдіріп, тәсілге көшті. С.Ел.
