Posted in

АЙҒА ШАПТЫ

Қолынан келмейтін іске талпынып, босқа әуре болды, көтере алмайтын шоқпарды беліне байлады д.м. ~ «Арыстан айға шабамын деп, аяғын сындырыпты», қолдан келмес жұмысқа ұмтылам деп, біз де сондай мәрт болып жүрмелік. Ж.Айм. ~ Есте болу керек: арыстан айға шапса, мерт болмақшы, өтпес жарлық бойға қорлық болмақшы. М.Жұм. ~ Үйтсе де «айласыздық батыры айға шабады» дегендей болмай-ақ, Әділдің жанын тілеп қана болыспен жақын кісімсіп, анау елмен жарастырсам қайтеді деп отырмын. Шәк. ~ Бойын намыс қысқанда тайсақтамай, Мерт боларын білсе де Айға шапқан. Р.Нияз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *