Ештеңеге көңіл аудармай, өз дегенін істеді. ~ Соғыстың бірінші жылы ғой. Дастарқанымыз әлі қурамаған кез. Қонақтарымызға дәм бердік. Содан соң Анна ай-шайға қарамай іске кірісті. Ш.Мұр. ~ Ашуына мінсе, Қаталбаевтың ай-шайға қарамайтынын ол жақсы біледі. К.Қаз. ~ – Ғазиза қайда?! – деді ол ай-шайға келмей. Даусы ызғарлы. Б.Тоғ. ~ Қожанасыр қолына сойыл алып, ай-жайға қарамай, өлген кызды ұра бастады. Қожанасыр қалай ұрса да, қызды орнынан тұрғыза алмады. БС. “Дуана Қожанасыр”.
