Ала-құла, әр түрлі, біркелкі емес. ~ Он екі хайуан бағып, мазаттанып, Жылда біреуін жеуменен көп жасадық. Басы – көті он екі болды харам, Ала жаулы оның да алтауы – арам.
Ішкен – жеген нәрсені есепке алсам, Мұныменен боламыз, қайтсек, адам?! М.-Ж. Көп. ~ Шарықтатамыз қызыл жалауды, Жалпы ұлдары, болма ала жаулы! Сәулелі күндер басталар кез бұл, Жастар ұраны: лап десе, тап бол! Ж.Айм. ~ Дегелек деген бір құс бар, Аспанда жүріп ысқырса, Мың орда жылан басылған. Мен жүлделі жүйрікпін, Ала жаулы тер шығып, Сүйегім қызбай ашылман. Қашаған.
