Posted in

АЛДЫНАН (АЛДЫҢНАН) ЖАРЫЛҚАСЫН

1.Игі тілек, бата. Дегенің болсын, бақытты бол. ~ Рас айтасыз, бүкіл ғұмырын еңбекші халықтың бақытына арнаған адам. — Құдай тілеуін берсін, алдынан жарылқасын! К.Қаз. ~ Құдай бет алдыңнан жарылқасын, Мұхамеджан інім! – деді Әбубәкір бата бергендей. – Қайда барсаң да аман жүр… Б.Тоғ.
2. Не істесе де өзі білсін д.м. ~ «Жоқ, жоқ, өйтуім ағаттық болар. Жұрт сыйлайтын Масанның немересін ұстағаннан жақсы ат алмаспын. Алдынан жарылқасын, қоя берейін», – деп шешті. І.Ес. ~ Ал Бетпақдада сияқты шөл мен шөлейт жерлердi алып, бөлiнем десе, онда қазақтарды алдынан жарылқасын деп «бата» бередi. Т.Әс. ~ Жә…Құйма құлаққа жетерлік айтылды, ақпа құлақ болсаң бар. Алдыңнан жарылқасын… М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *