Өсек әңгіме, дабыра сөз. ~ “Айналайын”, “мен айтайынды” таза тоқтатқан. Анда-санда ғана аузына алады. Онда да күші, қызуы жоқ, көшпенді “айналайын”, “мен айтайын”… Ал педагогикалық кеңес туралы алып қашты сөз — пішен. М.Қаб. ~ Менің ен алғаш көрген үлкен қалам осы Үркіт қаласы болды. Бір кезде ел ішінде «Үркітке айдатыпты, Тескен тау өткізіпті» дейтін алып қашты әңгімеден естіген қалаға өзім бардым. С.Бег. ~ Троллейбуста адам әдеттегiден лықа екен. Елдiң аузында әртүрлi алып қашты әңгiме. Әйтеуiр, өле жатқаны да Қонаевтың атын бiр атап өтедi. Ә.Ыб.
