Жігіттің қызды ырықсыз ұрлап әкетуі. ~ Жанка, сен қорықпа, біз ұзап кетті-ау дегенде, біздің үйдің алдына барып «ойбай алып қашты!» деп ойбайла, олар машина тауып бізді қуғанша біз де баратын жерімізге барып қалармыз. Ж.Шәк. ~ Ауылдың итін шулатып, жұрт ұйқысын бұза жеткен екі жігіт қыздың келісімі бойынша алып қашуға сайланып келді. Н.Әбд.
