Біреудің жастығын мінеп, кемсіту; сары ауыз д.м. ~ Сіз мен үшін тірідей азап әкелдіңіз. Мамам сізді көргенді, ұстамды дейтін, жүк болатын туған-тумасы жоқ, ана сүті ернінен кеппей жатып, кітап жазыпты дейтін. М.Қаб. ~ … “Еркек арлы болсын” деп неге айтты? Қалай айтты? Арсызсың дегені ме? Ана сүті аузынан кеппей жатып ақыл үйретіп, дәріс оқымақ па? С.См.~ Қоңқай дегеніміз сен, – деді Нұржанға. – мына сен, – деді Аманжанға. – мына сен, – деді көзі іліне беріп шалдың айғайынан оянған Бақытжанға. – Ауыздарыңнан ана сүті кетпей жатып үлкендермен алысасыңдар. О.Бөк.
