Айтушының бірдеңеге қатты таң қалғанын білдіретін тіркес. ~ Апырай де! Арғы тегімізде аты шулы ақ етек ишан болды, әулие болды, ақылы дана кемеңгер болды деп әншейінде көкіп көйлегіңе сыймай жүресің. Ә.Нұрп. ~ Бір жолы, апырай десеңізші, шіркеуіміздің қоңырау мұнарасына шығып алып, айқайды салып әкесінің жалшыларын шақырсын келіп, сонда селодан бір шақырымдай жердегі танапта жүрген әлгілер оның дауысын бейне мұнара іргесінде тұрғандай анық естіпті. Серв. ~ Ал, енді тыңдаңдар,-деп, бар мұқтажын жайғастырып алған Су Құсайын сөзге кірісті,- Апырай деймін-ау, бұлай болар деп кім ойлаған. С.Жүн.
