Posted in

АРАСЫНАН ЕЛ КӨШКЕНДЕЙ

Екі аралығы тым алшақ. ~ Заман бір, ел бір, жұтқан ауа, ішкен ас ортақ, ал біз… алыспыз. Мамам менен бар болғаны он тоғыз, папам жиырма жас үлкен, ал арамыздан ел көшкендей. Білмеймін, білмеймін… М.Қаб. ~ Қоқанның жібегіндей жеңіл құйрық, He қою, не болмаса емес сұйық! Бұтының арасынан ел көшкендей, Жамбастың басы делдек, қуыс қолтық. І.Жан. ~ Бес-алты жасқа дейін мешел болып, ақыры жансебіл бала адам болып жүріп кетеді. Екі аяғының арасынан ел көшкендей қамыт аяқ болуы да содан болса керек… С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *