Біреу арқылы хабарласты, сәлемін жолдады, бұйымтайын жеткізді, біреуді елшілікке жіберді. ~ Саулаған сайманды əскер
тобымен келіп, Есжандар тұрған қалаға жақын жерден араға кісі салып, қаланың қарсыласпай берілуін сұрады. Ж.Айм. . ~
Бай кепке шейін илікпеді. Тәжиді артынан көп ергізді. Араға кісі салғызды. І.Жан. ~ Шақыртып Төлегенді алдырады, Араға
кісі салып хабарласып … “Қыз Жібек”. ~ – Осының өзін әзер алдым, Найзеке… қағазсыз бермейді екен ғой өздері. Содан
араға кісі салып. Ол кісісін салмас бұрын рістіранға апарып, – деді өзін-өзі ақтағысы келгендей. Т.Нұрм. ~ Жұныс содан кейін
белгілі «кесібіне» кіріскен. Дүйсекенің қолға түсуі оның үшінші жеңілуі. Араға кісі салғанын қыры сынғаны, деп жориды
Махамбетше. Ғ.Мұст. ~ Менің әйгілі бәйге ақтабан атымды араға кісі салып Абдолла қалап алып еді. Ж.Ахм. ~ Күзгі қара
суықтан ықтап, Бәбітай қыстауына көшіп кетіпті. Күйеу жігіт
