Сөз жүгіртіп, шағыстырды, араға сына қақты. ~ Бағданыңның атақ-даңқы өз алдына. Ол қазір халыққа танылып қалған ел адамы. Мүмкін біреулерге татулықпен күн кешіп келе жатқан осы өміріміз ұнамайтын шығар. Арамызға от жағып, араздастырып жіберсек дейтін шығар. С.Шай. ~ Берекеңді сұрап, біріктіріп, басыңды қосты ма? Басыңды біріктірмей біріңді-біріңе салып, араларына от жағып, берекеңді кетіріп, екі бөліп, партия араздық, күндестікті еткеннен басқа не істеді. Т.Жұр.
