Posted in

АРТЫҚ КЕТТІ

Жараспайтын қылық жасады, шектен шықты, өз-өзін тежей алмай қалды. ~ Е, мен ондайды көңіліме тоқи беретін адам емеспін, қарағым. Өз асығыстығыңды өзің білсең, өз артық кеткеніңді өзің түзей алсаң, болды. Ғ.Мүс. ~ Арызыңыз тексеріледі, тексерілмей қалмайды. Бірақ, ол үшін біраз уақыт қажет. Мүмкін, сіз де кінәсіз емес шығарсыз. Сіз жолаушы жолдастардың да артық кеткені бар шығар. Б.Соқ. ~ Бірақ, қылп еткен қимылдың артық кеткен ағаттығы қырғыншылыққа, жайы келсе әлсіз-күйсіздер тұқымының құрып жоғалуына ұшыратар қатерін ол қайдан аңғарсын?! Ғ.Біл. ~ Ит неме, өзім ғой, өзім… Қырсық… Артық кеттім-ау деп, күні бойы бармағымды шайнап ем. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *