Posted in

АРТЫ ҚЫЛП ЕТТІ

Кенеттен бойын үрей кернеді, жүрегі ұшты. ~ Кенет гүрілдеген машина даусы шықты. Биекеңнің арты қылп ете қалды:
«Мына иттер әлі де осы жақта жүр екен ғой». Қатынына «бар, қарашы!» ─ дегенше болмады, есік ашылып, шетен қалпақ
кіре берді. С.Шәй. ~ Бұл сөзді естігенде Пайсаның арты қылп ете қалды. Сонда да сыр бергісі келмеген
Пайса: — Адамға? Оны кімдер атты екен? Мен мылтықсыз барғанмын. Өзім бұхаралық болып Қоқан
жеріне қарумен барсам, олар тірі жібермес мені. АҚ. “Арпалыспен…”

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *