Posted in

АРЫСТАНДАЙ АҚЫРДЫ

Сұстана, қаһарлы үнмен айбат шекті. ~ Кеше ғана арыстандай ақырып жүрген адамның бүгінде мүсәпір мысыққа айналғаны Ұмсынға мүлде жұмбақ болды. Б.Тоғ. ~ Қырғын тапқан қандастарының мына көрінісі Қараманның намысына шоқ болып түсіп, ширығып шыға келді. — Қайда?! Жау қайда?!—деп арыстандай ақырды. А.Сей. ~ Тықсырып бара жатқан қалың ойраттың ортасында қара найзасын шыр айналдырып, арыстандай ақырып, арпалысып жүрген Жомарт батыр бір сәт Жоламанды танып қалды. C.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *