Айбат шегіп, зілденіп, қаһарын төгіп, жауын сескендірді. ~ Орта буын да бұл сырқатқа ұшырай бастаған. Басы мыжылып қалған біздің тұстастар арыстандай ақырып, атандай шақыра алатын емес. Тоқырау заманы өтіп кетті деп жүрсек, рухани тоқырау енді-енді басталған секілді. М.Қаб. ~ Мұның негізгі мағынасы «бүркіт тұғырдан түсті», «бүркіт тұғырда отыра алмайтын дәрежеде», «қажыды», «қартайды» дегенді ұқтырады да, адамға қаратып айтқанда, «тақтан түсті», «мансабы кішірейді», «бұрынғы арыстандай ақырып, бурадай зіркілдейтін күні өтті» деген ұғымда. Ж.Баб.
