Жайбарақат, алаңсыз, бейқам тірлікке салынды, тоқмейілсіді. ~ Күзгі қарбалас науқан аяқталып, егін-тегін жиналған берекелі уақыт болғасын, арқаны кеңге салып тамашаны әбден соза түспек ниетіміз бар еді. О.Сәр. ~ … бізде: «Өлі жандар», «Ревизор», «Он екі орындық», «Алтын баспақ», «Нейлон тон», т. б. тәрізді оқиғасы салмақты, тілі уытты, күлкісі тұшымды, әлеуметтік сыни тағылымды еңбек жоқ. Арқаны кеңге салып, тоқмейілденіп жүріп жатырмыз. Ғ.Қаб. ~ “Ертең демалыс, қайда асығамыз” деген соң, жиналған жұрт арқаны кеңге салып, түннің ортасын аударып барып бірақ тарқасқан. Ә.Асқ.~ Үш-төрт күннің әрі берісі не, Әнекең: “Оңда тіпті соның өзі дұрыс, Ақтөбеде екі-үш күн болып тынығамыз”, — деп, арқаны кеңге салды. Г.Сей.
