Қиындықты көп көріп, жүдеп-жадап, азып-тозған, құл сүлдері қалған адам т. ~ Назар қып-қызыл болып столды
жұдырығымен салып қалды. – Арқа етің арша, борбай етің борша боп, кісі есігінде жүріп көрсең, көрер ем не айтқанымды.
Т.Әбд. ~ Қарабай он жасынан байдың есігінде жүрген, қырық бес жасының отыз бес жылын арқасы арша, борбайы борша,
еңбегі еш, тұзы сор болып өткізген жалшы. Х.Ес. ~ Мен інім екен деп, ана арқасы арша, борбайы борша болып жүрген
сансыз еңбекші жастардан Әлібектің қылығын жасырам ба? Бұлай ету, Меңдіқыз, адамшылық ұжданыңа қол сұғу болады.
Х.Ес. ~ Бір кезде кәкүр-шүкір күнәміз болса, қанмен жуып келгенбіз, – деді қамшысының сабымен тымағын милығына қарай
түсіріңкіреп. – Мұнда да арқасы арса, борбайы борша тірліктің жыртығын жамап, тігісін түгендеп жүрміз. Н.Дәу. ~ Оның
мәнісі жерге еңбек сіңіретін, яки жыртатын, себетін, өңдейтін, өнімін орып жинайтын адам шаруа
