Шабыты ұстап, көтеріліп кететін, делебесі қозатын қасиеті бар. ~ Шұғалар өлендерін тоқтатып, арқаннан түсті. Жай әзілмен көп уақыт оздырдық. Домбыра алдырып Әбдірахман ән салды. Бишара, жігіт еді ғой. Ондай ойындарда бір түрлі ұстайтын арқасы бар еді. Б.Май. ~ Әмір-қожадан шынымен сескенеді. Арқасы бар аруақты адам. Жұрт Қара бақсы дейді. Бірақ зікір салып, бақсылық құрған емес. Көңілі түскенге ғана құмалақ ашатыны бар. Т.Сәу. ~ Бірлән кенет бойын жинап алды. Аяғын тық–тық басып сахнаға шықты. Қалай қанаттана қалғанын өзі де білмейді. «Күләш сахнаға шыққанда бір түрлі арқасы ұстап кетеді» деп бұрын талай естіген. Мүмкін, мұның да Ұлы Күләш тәрізді сахнаға шыққанда ұстайтын арқасы бар ма? І.Ес. ~ “Уа, аруақ, арқасы бар ақыныңды желеп–жебейсің бе, әлде көрінгеннің көзтүрткісі, телпекбайы етіп езіп–жаншып жоқ етіп жібересің бе?!” Д.Дос.
