Жағдайы түзеліп, ел қатарлы болды; өзін еркін сезініп, жеңілдеп қалды. ~ Ақ бейіл шалдың әңгімесінен кейін жігіттердің арқа-басы кеңіп қалды. З.Шүк. ~ Тұрмыс оңалып арқа-бас кеңейіп қалған. Көкіректе беріш боп қатқан шер де тарқап, көңілдегі мұң да, жетімдігіміз де ұмытыла бастады. Қ.Ысқ. ~ Өй, күшік. Бала ғой деп жүрсем, сен де башайдан
тартуға жарап қапсың ғой, – деді. Жұрттың арқа-етегі демде кеңіп сала қойды. Ә.Нұрп.
