Posted in

АРҚА ТІРЕР АЗАМАТ

Үміт артып, сүйеніш көрген, қолдау дәметкен адам. ~ Жоқ, айналайын, бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Ойымдағы бойымда кетпесін. Ыңғайы келгенде айтып қалайын. Бұл ел өзіңді арқа тірер азаматы көретін. Ал сен… Сен… Сол халықтың тарыққанда тартқылап емер аузындағы ағы мен басындағы бағына жармастың. Ә.Нұрп. ~ Мына түрімен қазір-ақ суыққа ұшып өледі. Арқа тірер азаматтан айрылған сорлы халық қорғансыз, панасыз қалады-ау. Ә.Нұрп. ~ Теңізі тартылған, жері азған, елі босқан, енді, міне, арқа тірер азаматынан айрылған азалы елдің бу да өлім халінде санасы сәптіреген бір бейбағы ғой. Ә.Нұрп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *