Біреудің сенім артқан қолдаушысы, жақыны, әлдебір мықты тірегі. ~ Қыз ұзату тойының өткені анау, келін түсіру рәсімінің дүрілдеп өткені мынау, екі жастың да айлығы жақсы, екеуінің де туған– туысқаны көп, арқа сүйер мықты ағайындары баршылық, бұдан артық адамға не керек. Ә.Тар. ~ Жәукенің де бұл елде арқа сүйер адамдары шамалы. Аз санды қақсал руының тінібек ішіндегі Жәукеге қараған екі– үш үйі қаңғырып келген келімсек – кірме іспетті. С.Ом. ~ «Жырыңды құрт! » дегенді естіп едік, «Тіліңді құрт! » дегені – басынғаны– ау. Кім ойлаған болар деп бұлай заман, Тұнығыңды қай кəпір лайлаған? Ел додаға түскенін көріп едік, Сен додаға түсер деп кім ойлаған? Ақ сүт беріп өсірген балаң – анау, Арқа сүйер ақсақал данаң – анау… С.Жиен. ~ Аяғы бәлеге ұрындырып жүрмей ме? — Мен бармын, менен асса арқа сүйер орыстарымыз тұр емес пе? Б.Тоғ.
