Кім көрінгенге сұс көрсетіп, кіжініп, доңайбат жасап үйренген кеудемсоқ адам туралы. ~ Айналайын, Абдыра – ай, сонша жыл асаудай арқырап ағып жатқанда, жалыңа қол апартпай қойып ең, сенің басыңа да ноқта салдық– ау! Қ.Жұм. ~ Бұл жігіт осы жасына дейін қыңқыл-сыңқылды білмей шоласыз ғұмыр кешті. Ат жалын тартып мінген уақыттан бері ауру-сырқаудың не екенінен хабары жоқ, айға шапшыған шу асаудай арқырап, арпалысып келген. О.Бөк.
