Posted in

АСАУДАЙ ТУЛАДЫ

Қатты күйініп, ашу шақырып, бұлқан-талқан болды. ~ Сырттай мәймөңке, іс жүзіне келгенде қазақтың ұлттық мұқтажы сөз бола қалса асаудай тулайтыны бар. Қ.Ысқ.~ Шеге одан әрі сөйлей алмай тұтығып басын сілкіп ауызымен ауа қармады. Мына қиянаттан жүрегі мойынына бұғақ түскен асаудай тулады. С.Ел. ~ Әлгі бір әзірде ғана қанында ойнап, қатты толқытқан ақ сайтанды тәк-тәк деп әрең тоқтатты. Ноқтасын үзе жаздап, аласұрған асаудай тулаған құмарлыққа сабыр басу айтты. К.Қаз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *