Posted in

АСЫҚ ЖІЛІК ҰСТАТТЫ

Бала асырап алғанда оған әуелі асық жілік ұстатады. ~ – Бағыс болмаса болмай-ақ қойсын, бәрібір Кеней емес. Біле білсең,
Жанақ бізге жиен, бабасы – Нияз Қарабастың бекзадасы болған, бесігімен Бәбударияда ағып келе жатқанда, біздің шалдар
жағаға шығарып алып құтқарып қалған. Жекебай батырдың кіндігінен бала жоқ екен, сол кісі асықжілік ұстатып, баурына
салып алады. Жанақтың өзі біздің Бағыстың қызынан туған. Ал кәйт дейсің! – Қалай да Жәкесін Кенейден қашырып әлек.
Т.Сәу. ~ Тілеу көкірегінде әлдене үзіліп кеткендей ышқынып қалды. Қолына асық жілік ілігіпті. «Бауырың қаңсып кісіден бала
асырасаң, қолына әуелі асық жілік ұстат. Әйтпесе, ата- анасы ертең күн сұрауы мүмкін… ». Ә.кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *