Posted in

АТАН ЖІЛІК

Ірі ленелі, батыр тұлғалы, сайдың тасындай. ~ Атқа отырыстары мығым, атан жілік жігіттер дейтіндей емес: сыпайы, салт міністі әйел заты, екеуі де үкісі желбіреген сәукелелі. Ш.Құм. ~ Небір ат құлағында ойнайтын атан жілік ерлер түрлі айла-шарғы жасап көріп еді, шұбар ат бірін-біріне соғып, сарсаңг салды. А.Сей. ~ Найманның ұраны – Қаптағай. Қаптағай – атан жілікті, нар тұлғалы, қаһарлы түйе бурасының атауы. Ж.Баб. ~ Ол кездің бозағы қандай еді десеңші! Шетінен атан жілік, апайтөс. Т.Сәу. ~ Өңкей атан жілік қарулы жігіт, жалғыз шалды қараша інгенге жеткізбеді. З.Шүк. ~ Өз қайраттарына енді берік сенген атан жілік, атпал азамат Сәмен, Әбді, Мұқа үшеуі ожарланып, қатты ашумен түйіліп апты. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *