1. Арнайы тоқтады, ерекше мән берді. ~ Ол болашақ қазақ университетінің бірінші профессорлары болып тағайындалған адамдардың аттарын атап өтіп: — Бәрі де бұрынғы кезде оқыған ескі ғалым — интеллигенттер көрінеді,— деді жауабын ширата түсіп. Х.Ес. ~ Монғолдардың қи¬дандармен құдандалық жасап отыруды дәстүрге айналдырғанын атап өткен абзал. Ж.Шәк.
2. Әлдебір елеулі оқиғаның құрметіне той-томалақ жасау, шара ұйымдастыру туралы. ~ Бұлардың аттестат алғанын атап өтудің несі айып?! Бұндай қуаныштан қыздар қаша ма? Б.Тоғ. ~ Сол күні тойладық. Сыралатып дегендей… Бала кезден бірге өскен досымның туған күнін атап өткенбіз. А.Нүс. ~ Бес уақыт намазын атам қаза жібермейді. Ораза кезінде ауыз бекітіп, азан шақырады. Діни мерекелерді, шама-шарқы келгеніне, құрметтеп атап өтеді. Б.Соқ.
