Posted in

АТА ҚАЗДАЙ ҚОҚИДЫ (ҚОҚЫРАЙДЫ, КЕКІРЕЙДІ)

Маңғаздану, күпіну, лепірудің сипаты. ~ Бір жағынан анау қанаты сынған ата қаздай қоқиып, қарадай лепіріп, жынданып отырған нақұрыс Әлиге қаны қайнап, пұшайман. С.Омар. ~ Өкшелеп келе жатқан ешкім байқалмаған соң, саябырлап дем басқандай болған. Бірақ, «енді құтылдық па» дегенде жаңағы пәле ата қаздай қоқиып және көрінсін. Тасырлатып тағы қашты. М.Алмасб. ~ «Мұндайда қай еркек ығыстап, не күмілжіп, тіпті іштей асығып тұрса да сыр беріп шынын айтқан; қайта ата қаздай қоқырайып: «қатынымнан қорыққандай мені кім дейсің- ей?! » —деп шыға келмеп қашаннан бесенеден белгілі. М.Сүн. ~ ─Ата қаздай кекірейіп өмірі бір менсінбей кетіп ең, – деді тілі күрмеле. – Дүние кезек деген осы ғой. Ақыры алдыма келдің бе?.. Т.Әбд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *