Біреудің, рудың, елдің ежелден мекендеп келе жатқан аумағы, жері, ата-бабасынан қалған мекені. ~ Әкеміз соғыс уәзірінде үлкен төре болып, мосқал тартқанда, Тамбаудағы ата қонысына келіп, егін салдырып, шаруа құрды. Ж.Айм. ~ Қазақтың ата қонысы, мекені алына бастағаны, бүгіннен емес, көптен басталған. Сондықтан бұл зорлықтың тарихын шолып өтеді. Ә.Мар. ~ Бұл ара кімнің жері, кімнің ата қонысы? Наймандар мен үйсіндерден өзге кімдердің ата-бабаларының молалары болушы еді, мұнда? Ә.Әл.
