Сөйлемпаз, даукес, кез-келген жерге килігіп кететін адам туралы. ~ Бұрын да «аттыға – жол, жаяуға сөз бермейді» дейтін Ұлпан, енді тіпті өткірленіп, үлкен демей, кіші демей, бойдағы мінін қаза беретін. С.Мұқ. ~ Үй ішіндегілер қозғалақтап кетті. Әншейінде аттыға жол, жаяуға сөз бермейтін Құдабай да сазарған күйі жақ кірісін ашпады. Ж.Шәк. ~ Қасына ана бір Шәкей дегенді салпақтатып ертіп алыпты. Ол да бір аттыға жол, жаяуға сөз бермейтін керауыздың өзі. С.Жүн. ~ Ay, айтқандай, Ақанжан, сен де шаршаған шығарсың, тамақ піскенше сен де мызғып ал, мен де бір әңгіме десе жаным кіріп, аттыға жол, жаяуға сөз бермейтін көксоққанның өзімін. Сені шаршаттым-ау деймін. С.Жүн. ~ Алыстан келе жатқан адамнан ауылда қалған бала-шағаның амандығын сұраудың орнына өзі айтып беруі керектігін аңғармай, алжасқан Шоқай өз дәуірінде аттыға
жол, ауыздыға сөз бермеген, талайға қамшысының ұшын ұстатпаған мықты да
