Кез-келген адам таң-тамаша боларлық. ~ … осыдан бес-алты-ақ жыл бұрын он екі, он үш жасар, тұлымы желпілдеп, шашбауы сылдырлаған Дүрия мен Гүлия, енді міне, атты кісі түсіп, жаяу кісі жатып қарайтын сұлу қыз болып бойжетіп үлгерген екен. О.Бөк. ~ Ал ол кезде Алтын Орданың Бату Сарайы мен Берке Сарайы, Ақ Орданың Сығанағы мен Сайрамы қандай еді. Атты кісі түсіп, жаяу кісі жа¬тып қарағандай, салтанатына көз тоймайтын. Т.Сәу. ~ Кент-шаһарларындағы атты кісі түсіп қарағандай, жаяу кісі жатып қарағандай мешіттердің күмбезі көкпен таласты. Т.Сәу.
