Асқан мергендік туралы. ~ Атқан оғы жерге түспей сақасы алшысынан түсіп тұрған сол заманда осы қоңыр таулардан алты сілеусінді бір жолда соққанын қариялар тамсана әңгімелеуші еді. Ж.Шәк. ~ Кеше Алтай жақтан Үрімжі айналып келген біреумен тілдесіп қалдым, соның айтуынша Алтайдан Оспан деген батыр шығыпты. Ол ақ боз атымен құйындатып жүріп атысқанда атқан оғы жерге түспейді екен. Т.Рыс. ~ Ол мақтан етердей атпал азамат. Атқан оғы жерге түспейтін мерген. Т.Рыс.
