Құралайды көзден атқан құла мерген. ~ Сосын сөз арасын дереу басқа жаққа бұрып жіберді: “Атқан оғы құры кетпейтін сұр мерген болсаңыз, анау көрінген шағылдың теріскей бетінде екі үйір арқар жүр”, деп, атын тебіне берген. Н,Дәу. ~ Сонау “Қараой” жазығында дуадақ, арыдағы Сораң тауында арқар бар. Шалдың атқан оғы құры кетпейді, арқар іздеп, елік аңдымаған өрістен жолыққан майда аң-құсты жібермейді. Н.Дәу.
