Жоламады, аулақ кетті, тұра қашты. ~ Бірақ, соны ескертейін, сорлы халқымыздың дүбір алған харекетіне жәрдем-көмек сұрап көрші елдерге адам жіберген едік, барлығы ауыздарын қу шөппен сүртіп, қол үшін беруден атбойын ала қашыпты. Ғ.Біл.~ Бірақ мысық үйреткісі келмей жолбарыстан ат бойын ала қашыпты, өйткені маймыл, қасқыр, ит және сиыр өнер игерген соң жақсылықтан жалтайып ұстаздарын ұмытқан екен. ҚЕ. ~ Махаббат әңгімесін түгендеп жүретін бір сырласымнан Баянның астанадағы жігіті, ол мектеп бітіргенде ат бойын ала қашып, оны сорлатқанын естідім. Адамның мінезі аспанның бұлты деген рас-ау. Ж.Шәк. ~ Шөке.. ـــ деді кезіккен жерден Нүркен жайдары бейнеде, ـــ Сен неге менен ат бойыңды алып қашасың? ـــ деді сыңғырлай күліп шөкенің жеңінен тартып. Б.Жұм.
