Биіктігі не екі арасы аттың бойына тең. ~ Көкек келсе де тауда қар қоңын бере қоймапты. Ат бойы түскен ақ шаңқан астынан ерісе де‚ өз майын жеген аюдай бауырынан жұқаратын Алтай қарының жал-жал жоны жайнап жатыр. А.Алт. ~ Кім де болса, мынау айдаудан қайтқан біреу. Ана жылы Федоровты елтіріп, кісені сылдырап Орскіге дейін барғанда, ол осындай кісілердің талайын көрген. Еламан оған қатарласып қалғанын байқап, кілт тоқтады. Ат бойы, атан бойындай алға жіберген соң ғана қайта жүрді. Ә.Нұрп. ~ Жалғыз аяқ жолмен мен алда, ол артта ауылға қарай төтелеп жүріп келеміз. Екі жағымызда ат бойы қалың құрақ, күз түссе де сарғаймай көкпеңбек боп тұнып тұр. С.Мұр.
