Posted in

АТ КӨТІНЕ САЛДЫ (БӨКТЕРДІ, ӨҢГЕРДІ)

Зорлап, күштеп алып кетті. ~ Мінемін дедің — мін енді, Жүремін дедің — жүр енді, Көрермін басқа салғанын.
Болмаса неғып ілесіп, Шұбар атқа мінгесіп, Еліңе неге бармадым?! Қыз деген — ердің олжасы, Ат көтіне салмадың. “Алпамыс б.” ~ Әттең жиырма бес жасым қайта оралса, ат көтіне бір салар едім! – деді. І.Ес. ~ Бірде Гүлжаһаннан ауыр сөз естіді де: — Сендей қызды ат көтіне бөктеріп сан әкеткенбіз, көрерміз әлі әуселеңді, — дегенін Еркебек те естіді. К.Жүн. ~ Қалмаққа жансыз барғанда, Ат көтіне өңгертіп, Қарғаша шалды сүйредім “Манас”. ~ Тек сұлу қыз-келіншектерге ғана тимейтін, ат көтіне мінгізіп, елдеріне олжа етіп алып қайтатын. І.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *