Posted in

АТ ҚОЙЫП, АЙДАР ТАҚТЫ

1. Жанама ат қойды.  ~ — Осы қазақ иттің не оттайтынын білмеймін. «Жұман қырт», «Жұман қырт» деп маған ат қойып, айдар тағып алды. Соңымнан бір қалсашы. Егер көп сөйлейтін кісі қырт болса, кешелер дүйім елді жиып алып, күні бойы Құнекең жалғыз өзі сөйлеуші еді. Бүгін мынау Абай тап бір ет асым жапа-жалғыз өзі сөйледі. Көп сөйлеген қырт болса, анық қырт осылар емес пе! М.Әу. ~ Мұндай уәкілдердің көп келетіні сонша, тіптен ел олардың аты–жөнін де біліп үлгермейтін. Сондықтан өздерінше ат қойып, айдар тағып алады. Б.Мом. ~ Айналайын өкімет-ай, әйтеуір алуға келгенде, ат қойып, айдар тағуға шебер-ақ қой… Қ.Жұм.~ 
2. Жала жауып, нақақ айып тақты. ~ Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедов бастаған үркердей ұлылар шоғырына «халық жауы» деген ат қойылып, айдар тағылды. З.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *