1.Азар да безер болып, бойын аулақ ұстады, жоламады. ~ … шыжыған шілдеде сексеуілдің шоғына шыжғырылып отыратын
әкесі Құлжандай болудан ат-тонын ала қашады. Ә.Кек. ~ Бір кезде басына сәлде орағанды көрсе тұла бойы тік тұрып,
анадайдан ат-тонын ала қашатындар қып-қызыл белсенділер, енді келіп, пенсияға шыққан соң райларынан қайтқансып,
сәждеге бастарын ие қалыпты-ау. О.Сәр. ~ Қызыл десе, партия десе, ат тонын ала қашатын алапестер онда да көп екен.
Ж.Шәк. ~ Мәтпұсаның кім екенін сары кемпір де, ақ құба кемпір де түсінген жоқ, әйтеуір екеуі де кенет қаптың ішінде ап
жылан жатқандай ат-тонын ала қашып, азарда-безер болып атып -атып тұрды. Қ.Ысқ.
2. Мойнына алмады, келіспеді, үзілді-кесілді бас тартты. ~ Бірақ арсыз адам ұятты қайтсін, ертеңіне мастығы тарқағасын:
“жоқ… жоқ, мен емес. Мен ондай иттікке бармаймын ғой”,- деп азар да безер боп, ат тонын ала қашты. Қолымен істегенді
