Posted in

АТ ҚҰЙРЫҒЫНА БАЙЛАДЫ (САЛДЫ)

Ат құйрығына байлап сүйретіп, тау-тасқа соғып өлтіру – ескі жазаның бір түрі.~ Шығарып бер содырыңды. Ат құйрығына
байлап, өлiмтiгiне қарға- құзғынды тойдырып қана тыншырмын, егер тыншый алсам!.. К.Сег. ~ Мен арашаға түспегенде
жазым болатын еді. Жан ұшырып жеттім. Сұлтан баланы құнт қамшының білектей өрімімен буындырып «сен иттің күшігін ат
құйрығына салып өлтірейін» деп дырылдатып барады. С.Жүн. ~ …Ұлы жүздің басты рулары қатынасқан, жеңіске арналған
атаулы той болды. Осыдан екі жеті бұрын ат құйрығына байланған жігіттің туысы, кеше ғана қаза болған Жәнібек, Қаныбек
пен Құндыздың туған нағашы ағасы Қоңырат руының араларында ештеңе болмағандай, ақсақалы Нұрғазыға Абылай қымыз
құйылған күміс кесені өз қолымен ұсынды. І.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *