1. Алай-түлей соққан боранның сипаты. ~ Сол жылы қыста сен алыстағы станцияға шанамен колхоздан астық тарттың.
Бірде ат құлағы көрінбес алай-түлей боранда оралдың. С.Мұр. ~ Бірақ бір қасиетім — қысқы ат құлағы көрінбейтін ақ
боранда, жазғы тұнжыраған меңіреу қара түнде адасу дегенді білмеуші едім. М.Әу. ~ Жалғыз мен бе, ой-омбысын кешетін,
Жалғыз мен бе, жұрт тағдырын шешетін?, Күн-түн боран – Сары Арқамның төсінде, «Ат құлағы көрінбейді» десетін… Ж.Көкб.
~ Арқада ат құлағы көрінбейді. Астананың өзінде қар жапалақтап жауып, жолдарды лезде басып қалып жатыр. Көктайғақ.
БАҚ. ~ Бағанағыдай «ауыл мына жақта болуы керек» деген долбардан да қалған. Тегі күн батса керек, жолды қойғанда, ат
құлағы да көрінбейді. К.Сег.
2. Қалың өскен шөптің биіктігінің сипаты. ~ Ай сәулесі жүдеп, қырқа үсті ақ шолаң тарта құлан иектеніп атып келе жатқан
таңмен бірге шашақты сасыр, түйе жапырағы арала
