Қаһар төкті, сұстанды, мысы басты. ~ О кез Мекалайдың аузынан жалын шығып тұрған шағы еді. Ж.Айм. ~ Қожық өзгелер
түгіл, аузынан жалын атып тұрған шағында Есенейге де зорлық қып, Есіл бойында түлкіге салдырып жүрген «Танакөз»
бүркітін, аңшылардан тартып алған. С.Мұқ. ~ Алғаш рет “жаным! ” деген сөз аузынан жалындай шығып еді, Балтаны еріксіз
бас идіргендей солқылдатып жіберді. “Жаны ышқынды-ау! Жаным деді-ау, Майсара!” Көңілі алай-түлей ұйтқыды. С.См.
