Сүйсіне, тәбеттене ішті (жеді).
* Ренішті ойда отырғанмен, сусаған Асқар сықпа құртты қанттай тістеп аузының дәмін алып отырып, шайды қанып ішті. С.Мұқ.
* Қанипа науқастанып жатыр еді, аузының дәмін алсын, бір шағым қант бер десем, «бұйырмасын, артымда, қалсын», – деп ант- су ішті құрыған. С.Омар.
* Тек кейбіреуінің президентті атамаса аузының дәмі келмей, атай қалса – оның «атын анау әуежайға, мынау қалаға берейік, еліміздің көкесі, халқымыздың әкесі дейік!» деп шырылдамай отыра алмайтынын көріп үлгірдім. Ғ.Қаб.
