Posted in

АУЗЫНЫҢ (ЖАҒЫНЫҢ) ЖІГІН АШПАДЫ

Ләм-мим демеді, үндемеді. ~ Тұрсынның мінезі де жуас. Басынан қанша сөз асырып ұрсып, зекіп жатса да, аузының жігін ашпай тұқыраңдап төмен қарай беретін жасқаншақ. С.Жүн. ~ Арба маңында сойыл сүйреткен төрт-бес салт атты жігіт бар. Ләм деп олар да аузының жігін ашқан жоқ. С.Жүн. ~ «Төбелес қайдасың» деп елеңдеп тұрған секілді. Бірақ ешкім оған жағының жігін ашқан жоқ. С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *