Posted in

АУЗЫНЫҢ САЛЫМЫ БАР

Жолы болғыш; олжаға кенелгіш. ~ Аузыңның салымы бар екен, – деп, отырғандар ығысып, қонағуар бейілдерін танытып жатыр. О.Сәр. ~ Тұра қал, дегенмен өзінің аузының салымы бар екен, кеше Ғазиз әкелген қойды бүгін сойғамыз. С.Жүн. ~ − Екеуіңнің жолдарыңның қандай болатынын қазір көреміз, енді,- дейді бізге
бұрылып қойып.- Егер тұзаққа кекілік түссе, ауыздарыңның салымы бар болғаны, түспесе, екеуіңнің де табан аяқ қу болғаның. Онда екеуіңді де қамшының астына алам,- деп күлді. С.Мұр. ~ Б а ғ и л а. Рас, аузыңның салымы бар екен. Қой, мен ас әкелейін. Ай, Құрбақа-ау, сен қопақ болып отырын алғаның пе?! Маған жәрдем етсейші. Т.Ахт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *