Қит етсе; аузына алдыменталатыны д.м. ~ Олар Баймағамбеттің екі жағында жатыр екен. “Сендер білесіңдер ме, балалар, мынау Бақаң аузын ашса болды, ертегі деген гулеп тұрады. М.Әу. ~ Әзім аузын ашса сізді мақтайды. Астанадағы дворецтерді сіз салған көрінесіз ғой? Ә.Нұрп. ~ Күмірә болғыр балалардың аузын ашса, шек-сілелері қата қалатындарына ыза боп, үзіліске шығып келе жатқанда кезекші: — Сені директор шақырып жатыр,— дегені. Ә.Кек. ~ Бұнысы анда-санда бір соғып кететін, оның өзінде де аузын ашса: «Иншәлла», «Олаһи-биллаһи»— деп ауылдың шалдарына шариғат айттырып таласа келетін кино-механик Көлкеден басқа тірі орыс көрмеген Жақанға қиын тиді. Ә.Кек.
