Аңқылдақ, ақкөңіл, ішіндегісін жасыра алмайды, адал. ~ Көбі ауызын ашса көмекейі көрінетін аңқылдақ іші таза, ісі сара
жандар еді. Б.Қыд. ~ Өз заманының Қожанәсірі болатын. Аузын ашса көмекейі көрінетін марқұмның. Т.Рыск. ~ Шүңіректеу
үлкен қара көздері жалтылдаған ақжарқын жігіт нағыз аузын ашса көмейі көрінетіннің өзі екен. Ү.Жәл. ~ Ондай кісінің сөзі
арзан; өйткені аузын ашса көмейі көрінеді. Бітуажалыққа жаңа, көп ұсталып қол жаулыққа айналмаған жұмбақтау кісінің
сөзі өтімді». М.Сүн. ~ Соған қарағанда, ауызын ашса, көмекейі көрініп тұратын әңгүдік неменің сойынан шығар… Ә.Кек. ~ Бір
сүйсе бақиға дейін сүйетін бір мінез жігіт. Аузын ашса, қолқасы көрінетін ақ жүрек жігіттің өзін бір көргеннен құлай сүйіп
қалғаны да ақиқат. Ү.Жәл.
