Posted in

АУЗЫ (АУЫЗЫ) АҚҚА ТИДІ

Мал төлдеп, сүттен жасалған тағам түрлері молайған шаққа жетті; айран-сүт ішті. ~ Биыл жаз шыққалы Еламанның
балалары аузы аққа тиіп, қарық боп-қалды. Ә.Нұрп. ~ Ауыл үсті әлі азан-қазан. Аузы аққа тиіп әлденіп алған солдаттар
шын лаңды енді бастапты. Ә.Нұрп. ~ Шағын ауылға бір бөлдірке балық біразға жетті. Жер аяғы кеңіп, мал төлдеп, адам
аузы аққа ілікті. М.Әбд. ~ Жарлының аузы аққа тисе, мұрны қанайды. М-М. ~ Нағанай, сенің жесір шешең құмнан жау-
жұмыр теріп, шала қайнатып жеп, уланып қалғанда ауданнан дәрігер әкелген осы Мақұлбек еді; ауызы аққа тиісін деп
жалғыз сиырын сендерге сауынға берген де осы Мақұлбек еді. Д.Дос.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *