Posted in

АУЗЫ (-Ң) ҚИСАЙЫП КЕТЕТІНДЕЙ

Несі кетеді д.м. ~ “Прибор әперейін?” дей ме?. Соны сұрамай, өзі біліп істесе, құдды қолы сынып, немесе аузы қисайып кететіндей. Ә.Нұрп. ~ Одан кейін де жалақы, қаламақы алған сайын Шалдуар менен міндетті түрде екі жүз грамм ішпесе, аузы қисайып кететіндей боп әдеттеніп алған. Ә.Нұрш. ~ Одан да туған жерге үшбу сәлем айт десең, аузың қисайып қала ма?! Жә, әзіл. Қане, жақында бермен, Аққұмнан абтыбс айдаған бала! М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *