Артық сөйлеп несі бар еді, үндемей тұра бермей ме д.м. ~ Заң орындары дейсіз бе?.. Сөзін біз сөйлеп берсек, аузы қышып бара ма!.. Әрбірден соң жер менікі, су менікі, жайылым да менікі. Қ.Ысқ. ~ Желтоқсан толқуы кезiнде иiсi қазақтың iшiнде қазаққа қарсы қатты белсендiлiк көрсеткен де сол. Iздегенге – сұраған, мәскеулiк ұлықтар сөзiн бiреуi сөйлеп берсе, аузы қышып не жыны, сүйкiмдi кәндендерiн айтақтап қойып, сыртынан тамашалады да отырды. Т.Сәу.
